Елорда тынысы

Қоқыс төккен кәсіпкерге – айыппұл

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде бос жатқан жерлерге қоқыс төгуге беттеген КАМАЗ көлігін байқап қалады. Көліктің соңынан ілесіп, рұқсат етілмеген жерге құрылыс қалдықтарын төккенін көзбен көріп, фактіні тіркеп, табиғат қорғау полициясына жібереді.

Кейінірек жүк көлігінің кімге тиесілі екені анықталып, заң бұзған кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды. Ол кінәсін толық мойындап, өз есебінен 30 көлік жүктің жалдау ақысын төлеп, 700 тонна стихиялық үйіндіні арнайы полигонға шығарды. Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов аудан аумағында заңсыз қоқыс төгілген 8 негізгі орын анықталғанын айтады.

«Жүйелі тексерулер нәтижесінде қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі анықталды. Мысалы, бір күн бұрын біздің қызметкерлеріміз осы учаскелерді аралап шыққан еді. Ол кезде қоқыстың көлемі мұндай үлкен емес-тін. Сөйтсек, заңсыз қоқыс төгіп жүрген кәсіпкерлердің тек түнде келетінін білдік. Аудан бойынша осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз» деді ол.

Астанада құрылыстағы және басқа да ірі қалдықтарды қайта өңдейтін 2 полигон бар. Басқа учаскелерге қоқыс төккендер заң бойынша жазаланады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button