Руханият

Ұлт мұрасын ұлықтап…

Кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Сарыарқаның рухани, мәдени мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында «Солтүстік Қазақстан облысының материалдық емес мәдени мұрасы: экспедициялық зерттеулер» кітабының тұсауы кесілді. Кітаптың авторы – Өнертану PhD докторы, ҚР Ұлттық музейінің бөлім жетекшісі Ардаби Мәулет. 

Солтүстік Қазақстан облысының материалдық емес мәдени мұрасы бойынша жарық көрген кітапта тың деректер көрсетілген. Еңбекте облыс­тың үш ауданы бойынша жүргізілген музыкалық-этнография­лық кешенді экспедицияның бағыттары және жиналған материалдық емес мәдени мұра элементтері жанр­лық ерекшеліктеріне қарай сұрыпталып, оларды сақтаушы 20-ға жуық мұрагер туралы мәліметтер екі тілде баяндалады. Экспедиция барысында жазылып алынған 50-ден астам музыкалық шығармалардың үш тілдегі түсіндірмесімен халық өнерпаздарының орындауында алғаш рет нотаға түсірілді.

Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет және фольклортанушылар, этнография саласындағы көрнекті ғалымдар мен музей саласының мамандары қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button