Елорда тынысы

250 адамды жұмыспен қамтиды

Астана қалалық мәслихатының депутаттары «Astana» ӘКК АҚ және оның еншілес ұйымдарының бірқатар нысандарын аралады. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«№1 Индустриялық паркте АЭА аумағында орналасқан JCB/Hino/Valtra/KIA арнайы техника құрастыру зауыты 250 адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жүк сегменттерінің техникасын шығаруды жүзеге асырады. Елордамызда бұл зауыттың ашылуы бүкіл ел үшін серпіліс болды. Атап айтсақ, зауыт жаңа жұмыс орындарын ашты, бюджетке төленетін салықтар артты, жылына 12 мыңға жуық техниканы шығаруды қамтамасыз етеді» деп жазды Е.Каналимов.

«Ағабек Қарабеков» атындағы қоғамдық қорының оңалту орталығы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, 200 шаршы метрден асатын үй-жайды жалға алған. Орталықтың негізгі мақсаты – жаңа технологияларды қолдана отырып, нәрестелердің гемангиомаларын емдеу. «Бұл – еліміздегі лазерлік жабдықтары бар жалғыз орталық. Шамамен бір жыл бұрын азаматтарға қабылдау өткізген  кезде, Ағабек Қарабеков атындағы қордың құрылтайшысы, көпбалалы ана, медицина ғылымдарының докторы Роза Қарабекова орталықтың ашылуына көмек сұрап, жүгінген болатын. Бүгінде орталық еліміздің түкпір-түкпірінен келген мұқтаж жандарға көмек көрсетуде» деді мәслихат төрағасы. Бұдан бөлек, депутаттар ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сататын «Магнум» сауда желісіне барып, өнімдердің бағасы және көлемімен танысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button