Жаңалықтар

Берекелі Оңтүстіктің базарлығы

«Қазақстан» спорт кешені аумағында Түркістан облысының кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.

 Елордада осымен үшінші рет ұйым­дастырылған жәрмеңкеде түркістандық өндірушілер 101 млн теңге болатын 411 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін әкелді. Оның ішінде 66 тонна ет және ет өнімдері, 137 тонна көкөніс, 27 тонна сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 5 тонна балық және басқа да 35-тен аса ауыл шаруа­шылығы өнімдері бар.
– Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында елордада Түркістан облысының 5 жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Себебі біздің облыс басқа өңірлерге қарағанда, ауыл шаруашылығын дамытуға аса қолайлы. Мысалы, мақта шаруа­шылығы 100 пайыз Түркістан облысында жүргізіледі. Ал жүзім шаруа­шылығынан облыстың үлесі – 72 пайыз болса, бау­-бақша жағынан 60 пайыз. Сонымен қатар 1325 гектар болатын жылыжайларымыз республика жылыжайларының 80 пайызын құрайды, – дейді Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов.
Түркістан облысының Сайрам ауданы өзінің көкөніс және картоп өнімдерімен танымал. Аталмыш ауданда қайта өңдеу саласы да жақсы дамыған.
– Астанаға қайта өңделген ірімшік, қаймақ, шұжық сияқты сүт пен ет өнімдерін әкеліп отырмыз. Жергілікті тауар өндірушілерінің Астанаға жетуі үшін автокөліктермен қамтамасыз еттік. Сондықтан тауар өндірушілер артық шығындалмайды. Арада делдал жоқ. Сәйкесінше барлық өнімдеріміз тиімді бағаға сатылуда, – дейді Түркістан облысы Сайрам аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button