Әлеумет

АӘК қандай жағдайда төленбейді?

Аз қамтылған отбасыларды анықтайтын ең төменгі күнкөріс шегінен 70 пайыздық өлшемшарт сол күйі қалады. Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері бұған дейінгідей отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен ең төменгі күнкөріс шегінің 70 пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады. АӘК тоқсан сайын тағайындап, төлеу жүйесі қайта қолға алынады.Отбасы мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса АӘК төленбейді. Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады. Себебі атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігін түсіну керек. Оларға шартты ақшалай көмек түрінде қол ұшын беріліп, ол ауласында қандай да бір жеке шаруашылығымен айналыса бастауы үшін бірнеше ай бір реттік АӘК төленеді. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы пайдаға асуы тиіс. АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылады. Бұл ретте «Еңбек» бағдарламасына өзгертулер енгізіледі. Яғни шағын несие бұрынғыдай 5 жыл емес, 7 жылға жылдық 4 пайызбен ұсынылады. Шағын несие сомасы да ауыл, қала деп бөлінбейді. Ал көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамту бойынша мақсатты индикаторға жергілікті атқарушы орган жауапты.
ҚР заңына сәйкес, баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне арнайы жәрдемақы бар. Оның мөлшері жұмыс істемейтін әйелдерге ай сайын бірінші баладан 14500 теңгеден бастап төртінші балаға дейін 22500 теңгеге дейін. Жұмыс істейтін аналар мемлекеттік сақтандыру қорынан жалақысының 40 пайызы мөлшерінде, орташа есеппен 33 мың теңге көлемінде баласы 1 жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады. Аталмыш заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізіледі. АӘК жаңа шарттары қандай атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару және тиісінше шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл АӘК алушылардың өз табысын жасыруын төмендетеді. Екіншіден, көмекті тағайындау тәртібі әділ болады. Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін. Үшіншіден, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады. Төртіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады. Бесіншіден, бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады. АӘК үміткер отбасылардың санының артуы қоғамдық негізде жұмыс істейтін учаскелік комиссиялардың жұмысына әсер ететіні рас. Заңда учаскелік комиссияларға отбасының материалдық жағдайына қорытынды жасау үшін мерзім үш күннен жеті күнге дейін арттыру ұсынылды.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button