Sport

Әдемі қызымыз «Әл-Васлға» ауысты

Жапония журналистері «Әлемдегі ең әдемі спортшы» деп бағалаған қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова командасын ауыстырды.Қазақстан жастар құрамасы қатарында жүрген қазақстандық спортшы 2015 жылы Жапония чемпионатының екінші лигасында ойнаған. Сонда қазақ қызының сұлулығы мен шеберлігіне жергілікті журналистер тәнті болып, әлемдік желіге жамырай жариялаған болатын. Содан кейін ол Қазақстан чемпионатында «Алматы» командасы құрамында өнер көрсетті. Жақында ғана 23 жасқа толған Сәбина енді Арабия Чемпиондар лигасының жеңімпазы – Дубай қаласының «Әл-Васл» командасында ойнайтын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button