Басты ақпарат

Еңбек жағдайы жақсартылады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс орындарындағы жарақаттануды азайту және қала кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасау бойынша Жол картасына қол қойды.Бірлескен іс-қимыл жоспары жұмыс берушінің, қызметкердің және қала әкімшілігінің өзара жауапкершілігін арттыруға, қыз­меткерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге, салауатты жұмыс күшін қалыптас­тыруға бағытталған. Қала әкімі Алтай Көлгінов елордада 50 мың кәсіпорын тіркелгендігін, онда 480 мың қызметкер жұмыс істейтіндігін айтты. Осы жылдың ішінде жасалған еңбек шарттарының саны 4 мыңнан 7 мыңға дейін, екі есе артқан.

«Біз үшін ең бастысы – қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Ұжымдық шарттар өндірістік жарақаттар санын азайтуға мүмкіндік берді, өлім-жітім жағдайлары 3 есеге төмендеді. Сондай-ақ «GLB» ЖШС жалақы бойынша 400 млн теңгеден астам қарызын өтеді. Онда 700-ден астам адам еңбек етеді. Жол картасының арқасында 2020 жылы ірі және орта кәсіпорындар қызметкерлерін 100% ұжымдық келісіммен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, шағын ұйым­дарда көрсеткішті 50%-ға дейін жеткіземіз» деді Алтай Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button