Жаңалықтар

Әкім гранты бөлінді

2018-2022 оқу жылдарының күндізгі оқу бөліміне әкімнің 1000 гранты бөлінді.

Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес, 12 жоғары оқу орнының тізімі шықты. Онда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік білім тапсырыстары орналастырылады.
Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат ЖОО-­ның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, білімі туралы құжатты (түпнұсқа), ҰБТ немесе КТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсыруы керек. Құжаттар тамыздың 11-інен 15-іне дейін қабылданады.
Өтініштерді қарастырған соң, грант иегерлерінің тізімі Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Қосымша мәліметтерді алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 55-68-57, 55-68-55, 55-68-53, 55-68-73.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button