Жаңалықтар

Өжет жігіттер өрттен құтқарды

Елордалық өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды. Олардың біреуі – бала. Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметкерлерінің көмегімен басқа пәтерлерден тағы 6 адам сыртқа шығарылған.

Кезекті құтқару операциясы жексенбі күні болған. Сағат 13:49-да «101» нөміріне Есенберлин көшесінде от тұтанғаны жайлы хабар түскен. Қоңырау шалынған соң 6 минут ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Осы уақытта көп қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында 17 шаршы метрді құрайтын ас бөлмедегі жиһаз бен тұрмыстық техника жанып жатқан. Тұрғын үйдің кіреберіс дәлізі көк түтінге оранып, іштегі адамдардың өміріне қауіп төнген. Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі мамандарының жылдам әрекет етуінің арқасында 15 минут ішінде тілсіз жау ауыздықталып, 3 адам құтқарылып, 6 адам эвакуа­цияланған. Бұл операцияға қа­тысқан Б.Бекшенов, М.Мұратов, Д.Алдашев сынды өрт сөндірушілер қайсарлық танытты. Сондай-ақ, 6 техника жұмылдырылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button