Мәдениет

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘРТІСТЕРІМІЗ КЕЛЕДІ

Сара Найман

Әлем сахнасын бағындырған қандастарымыз Астананың думанды тойында «Туған ел төсіндегі концертін» бермек. Әлемнің түрлі елдеріндегі классикалық музыка өнерінің майталмандары атажұрттарына деген сағыныштарын осылай паш етеді. Жер бетіндегі үздік сахналарда өнер көрсеткен аталмыш әртістерді біріктіретін ортақ Отан – Қазақстан.

Әлем елдерін дарынымен тамсандырған өрендеріміз – Қайыржан Жолдыбаев – тенор әнші (Германия), Сара Найман – сопрано әнші (Австрия), Әмір Тебенихин – пианист (Германия), Ержан Кулибаев – скрипкашы (Испания).

Кешті ұйымдастырушылар қазіргі кезде шет елде жұмыс істейтін осы отандас жас музыканттардың басын қосып, олардың шығармашылығын Астана халқына көрсетпек. «Туған ел төсіндегі концерт» иелері туған ел мәдениетіне деген құрметтерін білдіріп, классикалық музыкалық өнердің барлық жанрын дәріптейді. Онда классикалық музыканың әлемдік жауһарлары жаңаша сипатта орындалады әрі көрермендер сирек туындылармен құлақ құрышын қандыра алады» дейді ұйымдастырушылар.

Концерт бағдарламасына Ф.Листтың «Венгерская рапсодия», Су Чонгтың Қытай ханзадасының ариясы, Дж.Вердидің «Сицилийская Вечерня» операсынан Елена болеросы және әлемнің танымал туындылары мен отандық авторлардың шығармалары енгізілген. Музыканттарды дирижер Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрі сүйемелдейді.

Кез келген әнші үшін гастрольдік сапар – тәжірибе жинақтауға, шығармашылық ерекшелігін бағалауға мүмкіндік беретін жұмысының ең басты бөлігі. Ал отандастарымен жүздесу – әрқашан жүректе толқыныс тудыратын ерекше сәт. Себебі, жерлестері әншілерді бала кезінен біледі. Сондықтан, кешке қатысатын танымал жұлдыздар бұрынғыдан да таныс әрі жақын бола түспек.

Салтанатты кеш 6 шілде күні сағат 20.00-де «Астана Опера» театрында өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button