Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Анар, студент:
– Төлқұжат пен жеке куәлікті бір күнде рәсімдеуге бола ма?

Бұл сауалға Астана қаласының Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы София Қылышбекованың жауабын ұсынамыз.

– Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жеке куәлікті жеделдетілген түрде бір күнде қолға алуға мүмкіндік бар. Ол үшін 4983 теңге төлеу жеткілікті. Бұл өзгерістер 2018 жылғы 23 шілдедегі Үкіметтің қаулысында қарастырылды. Ресми жарияланған сәттен 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді. Яғни тамыздың екісінен бұл әдіс жүзеге аса бастады. Жеке куәлікті алуға қатысты жұрт көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын қарастырып көрдік. Жеке куәлікті 15 күн ішінде рәсімдеу үшін 481 теңге төлейсіз. Ең бірінші төлқұжат пен жеке куәліктің аражігін ажыратып алайық. Төлқұжат (паспорт) – азаматтардың қалаулары бойынша жасына қарамастан 10 жылға беріледі. ҚР аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжатқа жатады. Тіпті жаңа туған шақалақпен шетелге барғыңыз келсе де, бөпеңіздің туу туралы куәлігі арқылы төлқұжат жасатасыз. Ал жеке куәлікті 16 жасқа толған азаматтар ала алады. Оның тек рес­публика аумағында ғана жарамды екенін білесіздер. Елімізде тұратын барлық азаматтардың жеке куәлігі болуы тиіс. Ол да он жылға беріледі. Төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде мемлекеттік міндеттеме төленеді. Мысалы, жеке куәлікті алуға 0,2 АЕК төлеу керек. Бұл жердегі айлық есептік көрсеткіш 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2405 теңге болып бекітілген. Сонда 481 теңге төлейді. Ал төлқұжатты алу үшін 8 АЕК (19240 теңге) береді. Өтініш берілген күнді есептемегенде 15 жұмыс күн ішінде рәсімделеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button