Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Қайрат ТЕМІРБЕКОВ, елорда тұрғыны:
– Жуырда болған жол апатынан кейін бауырым мүгедек болып қалды. Арада ұзақ уақыт өтіп кетті. Енді жәрдемақы тағайындауға өтініш бергелі отырмыз. Сұрайын дегенім, жәрдемақы құжат тапсырғаннан кейінгі уақытпен тағайындала ма, әлде жол апатына түскен кезден бері есептеле ме?

Оқырман сауалына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Сағира Айтанаева жауап берді:
– Елімізде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындаудың өзіндік шарттары бар. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдем­ақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан, сондай-ақ қашан болғанына қарамастан тағайындалады. Ал зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен кезде мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бо­йынша ғана жүргiзiледi. Мүгедектік тіршілік ету әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай үш топ­қа бөлінеді. Оны МӘС бөлімшесі белгілейді. Жәр­дем­ақы осы бөлімше бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады. Егер мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгертілген күннен бастап жүзеге асырылады. Жалпы, кез келген әлеуметтік – еңбек саласындағы барлық сұрақтар бойынша Азаматтарға арналған үкіметтің 1411 Байланыс-орталығына сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, кез келген күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз хабарласуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button