Басты ақпарат

Алтыншы шақырылым қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2017 жылғы 12 желтоқсанда сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының кезекті  сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

  1. Елордада экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы және шаралары туралы.
  2. Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы.

3.Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы  «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  1. Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2017 жылы атқарылған жөніндегі есебі туралы.
  2. Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының атқарылған жұмыс жөніндегі есебі туралы.
  3. Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
  4. Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу жәнемұқтаж азаматтардыңжекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы туралы.
  5. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қоюға байланысты жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі шарттардың жобаларын келісу туралы
  6. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
  7. Астана қаласы мәслихатының  сессиясында айтылған сын пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  8. Астана қаласы мәслихатының  2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  9. Астана қаласы мәслихатының  кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
  10.    Астана қаласы мәслихатының   кезекті сессиясының төрағасы туралы

Ж. Нұрпейісов

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button