#Жаңа Қазақстан

AMANAT – Сыр бойында



Amanat партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысында болды. Аймақтағы педагогтармен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының білім беру саласындағы басымдықтары талқыланды.

Amanat төрағасы Ерлан Қошанов бұл салада азаматтардың орынды наразылығын тудыратын бірқатар шешілмеген мәселе бар екенін атап өтті.

«Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығы, мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктемесі, ауыл мен қаладағы білім беру сапасындағы теңсіздік мәселесі бар. Еліміздің әрбір тұрғыны сапалы білімге қол жеткізе алуы тиіс. Сондықтан партия осы саладағы мәселелерді түбегейлі шешуді көздейді» деді Ерлан Қошанов.

Жалпы ел аумағында партия кемінде 1,2 миллион оқушы орнын және балабақшаларда 300 мың орын ашуды қамтамасыз етеді. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толық жаңартылады. Атап айт­қанда, Қызылорда облысында 26 білім беру нысаны тұрғызылып, 4 мектепке жапсарлас қосымша ғимарат салынады. Бұған қоса, 17 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Өз кезегінде кездесуге қатысушылар кітапханашылардың, зертханашылардың және басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін қозғады. Бұл проблеманы білім беру мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін ұлғайту арқылы шешуге болады. Бұдан соң партиялықтар «Жан-Арай» көпбейінді агроиндустриялық кешен алаңында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ұжымымен және облыстағы күріш өсірушілерімен кездесті. Осы күні спортшылар қауымымен кездесу өтіп, оған 400-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері спортшыларға партияның кәсіби және бұқаралық спортты дамытудағы, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары туралы айтып берді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button