Әлеумет

Әр баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болса

– Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзін отандастарым әлеуметтік желілерде қуана бөлісіп жатқанда, менің де төбем көкке жеткендей болды. Солардың ішінде, әсіресе, көпбалалы отбасыларға деген жеңілдіктердің көбейгені, шынымен де, мемлекет тарапынан жасалған үлкен игілік болғаны даусыз. АҚШ-қа алғаш келгенімде мұндағы әлеуметтік жағдайды өз елімдегімен жиі салыстырып жүретінмін. Сол кезде көп баласы бар отбасыларға көрсетілетін көмектеріне қатты қызығушы едім. Мәселен, бір америкалық жанұяда бес немесе одан көп бала болса, оларға ай сайын үкімет құны 800 АҚШ долларымен пара-пар фудстемп, яғни тамақ алуға талон сыйлайды. Бұл сома отбасының жақсы тамақтануы үшін толыққанды жеткілікті. Енді біздің Қазақстанда да материалдық жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылардың әр баласына 21 мың теңгедей жәрдемақы төленетін болса, барлық бүлдіршіннің тамағы тоқ, киімі бүтін болатыны сөзсіз.

Толғанай БАЙЫСБЕКОВА,
Халықаралық «Болашақ»
стипендиясының иегері,
Оңтүстік Калифорния
университетінің студенті

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button