Мәдениет

Ардагерлермен ­кездесті

Астана қаласы мемлекеттік архивінде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

Кездесуге М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті әскери кафедра­сының аға оқытушысы, отставкадағы полковник Бауыр­жан Досжанов, КМG-security қызметкері Сембек Қабиев, «Қазақстан Республикасы Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектері» заңды тұлғалар бірлестігінің заңгері Сәкен Нұрышев қатысып, естелікке толы әңгімелерімен бөлісті. Астана қаласы әкімдігінің №73 мектеп-лицей мұғалімі Әлихан Сағитов жас ұрпақты тәрбиелеу барысында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Астана халықаралық университеті тарих және археология мамандығының 4-курс студенттері ардагерлерге сұрақ қойып, жауап алды. Қалалық архивке интернационалист-жауынгер, «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабековтің «Қанды көйлек қарулас» кітабы тапсырылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button