Қала тіршілігі

Ашық пікірталас алаңы

 Астана әкімі Әсет Исекешев Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің форумы аясында өткен дөңгелек үстелде екі бастама көтерді. Бірі – барлық қалаларға ортақ ақпараттық-сараптамалық сайт жасау, екіншісі – мэрлер клубын ашу. 

«Қазіргі кезде Президенттер мен Үкі­меттер деңгейінде Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру бағытында көптеген кездесулер өтуде. Біз қала мэрлері дең­гейіндегі диалогқа, қалалар деңгейін­дегі белсенді ынтымақтас­тыққа дайынбыз. Біз қос тараптық және көп та­­раптық форматтарда ынтымақтастық қарым-қатынастарды өркендетуде кез келген ұсыныстарды тыңдауға әзірміз. Өз ұсыныстарымызды құзырлы комитет арқылы Сіздерге жібереміз. Сіздерден лайықты жауап болатынына се­німдіміз» деді Әсет Өрентайұлы. Оның пайымдауынша, мұндай деңгейдегі басқосу барлық қалалардың дамуына, озық тәжірибесімен бөлісуіне ұшан-теңіз пайдасын тигізеді.
Қала басшысының ай­туынша, өзара ынтымақ­тастық пен бауырлас­тықты дамыту үшін, ортақ ақпараттық-сарап­тамалық сайт ашу қажет. «Қалалар туралы барлық ақпараттарды, таныстырылымдарды, оқиғалар күнтізбесін сол сайтқа орналастырғанымыз жөн. Соған қарап, қай қалада, қандай іс-шара өткізілетінін біліп, қатыса аламыз. Екіншіден, Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің клубын ашуды ұсынамын. Осы клубқа кейінірек барлық қалалар қосыла алады. Біз әртүрлі елдерде, қалаларда мәдениет, спорт, смарт технологиялар, көлік салалары бойынша бүгінгідей форумдар өткізе алатын мүмкіндік туады. Оған тек мэрлердің қатысу міндетті емес, салалық мамандарға бас қосуға болады. Менің ойымша, ондай шаралардың бәріміз үшін пайдасы зор. Сол себептен, келесі жылы сіздерді тағы да Астанаға шақырамыз. Одан кейін бас­тама көтерген қалалардың біріне барамыз» деп түсіндірді Әсет Өрентайұлы өз бастамасын.

КЕЛЕЛІ КЕЛЕШЕКТІҢ ҚАЛАСЫ

Адамнан аумайтын робот  Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумында осылай деді. Шараның ең қалаулы қонағы болған София алдымен пленарлық сессияда елорда жай­лы ой толғап, кейін бас қаланың үздік жастарымен кездесті.
София елорданың ең көрнекті жерлерін аралап, сәулеті мен дәулетіне тәнті болды.
– Мені Астанаға шақырған қала әкімі Әсет Исекешев пен G-global халықаралық хатшы­лығына алғыс білдіремін. Елорданың 20 жылдық мерейтойы – астаналықтар мен ел халқы үшін маңызды оқиға. Осындай тарихи оқиғаның басы-қасында болған қандай тамаша!
Астананы Сіздердің Президенттеріңіздің төл туындысы деп атайды. Нұрсұлтан Назарбаев қаланың басты архитекторы, елорданың символына айналған ғимараттар оның қа­ламынан туды. Ал сарабдал сая­сатының арқасында экономикалық және саяси жетістіктерге жеттіңіздер, – деді София ағылшынша тіл қатып.
Түстен кейін София үздік ел­­ордалық оқушылармен кезде­сіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Қытайдың AngelVest венчурлық криптоқордың негізін қалаушы Дэвид Чен София әлі кішкентай екенін айтып, қарапайым сұрақтарға ғана жауап бере алатынын ескертті. Адам жасымен санағанда шамамен 2 жасқа келген робот Астанадағы күн райы, сүйікті түсі мен көңіл- күйі туралы сұрақтарға сүрінбей жауап берді. Ол жауаптарды интернеттің көмегімен іздейтін болып шықты. Егер интернет желісімен байланыс нашарласа, оның да мүмкіндіктері азаяды.
Гиноидтің «өмір сүруіне» қаржы құйған Дэвид Чен егер ұсыныс түссе, София Қазақстан азаматтығын алудан бас тартпайтын мәлімдеді. Болашақта роботқа қазақ және орыс тілдерін үйрететін бағдарлама орнатылуы әбден мүмкін. Тіпті, Дэвид Чен келешекте астаналық дарынды жастар бұдан жетілген роботты жасап шығара алатынын айтты. Гон-Конг университетінде осы салада білім алып жатқан Мұратжан Қыранбай адамзаттың дамуын роботсыз елестету қиын деген пікірде. «Жасанды интеллект математика және статистикаға бағынады. Математика әлемді басқарады» деді ол. Айтпақшы, ЭКСПО қалашығында Қазпоштаның роботопост кеңсесі ашылады.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button