Басты ақпарат

Асқақтай бер, алаштың Астанасы!

Астананың айтулы тойы басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік Ту көкке көтерілді. Астана бар қазақтың бас қаласына айналды. Мемлекеттік тудың дәстүрлі түрде елорда күні қарсаңында көтерілуі жалпыұлттық мерекенің мәртебесін тағы да асқақтата түсті.

«Батыр бабаларымыз біздің зор жеңістерге жетуімізді тілеп, әрдайым туды тік ұстауды өсиет етті. Содан бері біз барлық жетістікке көк байрақтың астында қол жеткізіп келеміз. «Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана» деген түсініктер біздің мемлекеттігімізбен, болашағымызбен біртұтас ұғымға айналды. Қазақстан – біздің жалғыз Отанымыз, Тәуелсіздік – орындалған арманымыз. Әлем елдері туларының ешқайсысына ұқсамайтын көк туымызды дүние жүзі мойындады» деді Елбасы өз сөзінде.


Мемлекет басшысы Қазақстанның Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды сапалдайындаудың маңыздылығына да назар аударды.
«Сіздердің әскери қызметтеріңіз бейбіт жағдайда өтсін деп тілеймін. Бірақ мемлекет әрдайым өзінің қауіпсіздігі мен шекара бүтіндігін ойлауға тиіс. Сондықтан, біз офицерлерімізді тәуелсіз Қазақстанның жаңа жағдайында, жаңа Қарулы Күштеріміз үшін оқытып, тәрбиелейміз. Әскери қызметті лайықты атқарудың үлгісін көрсетіңіздер» дей келе, жас офицерлерге мемлекеттік туға зор құрмет көрсету Отанды сүюмен бірдей екенін еске салды.
Салтанатты жиында Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері Президент қолынан офицерлік шен алды. Жас офицерлер Елбасының алдында Отанымыздың қауіпсіздігін қорғауға ант берді. Мерекелік шарадан соң Елбасы барша жұртты Астананың 20 жылдығымен құттықтап, ел тұрғындарына бақ-береке тіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button