Жаңалықтар

«Астана самалы» ­шеруі

Елорданың туған күніне орай Республика даңғылында Х «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрлері фестиваліне қатысушылардың шеруі өтті. Бұған дейін 4 шілдеден бастап өнер ұжымдарының мерекелік концерттері «Столичный» және «Жетісу» саябақтарында ұйымдастырылған болатын.

«Астана самалы» фес­тиваліне астананың үш және Қарағанды мен Көкшетау қалаларының бір-бір ұжымдары, сондай-ақ 220 музыкант қатысты. Биылғы фестиваль флейташы Қайролла Жұмекеновтің шығармашылығына арналды.
– Фестиваль қаланың мәдени өміріндегі жарқын және қайталанбас құбылыс десек те болады. Оның репертуары сан алуан. Әр тыңдаушы мұның ішінен өзінің жүрегіне жақын, көңіліне жағатын туындыны тауып алатыны сөзсіз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академия­лық филармониясының концерттік бөлімінің жетекшісі, ұйымдастырушылардың бірі Нұрбол Балапанов.
6 шілде күні қалалық алаңда үрмелі аспаптар оркестрлерінің плац-концерті өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button