Жаңалықтар

Астанада су тапшылығы болуы мүмкін бе?

Айдын ҚАПАСОВ, елорда тұрғыны:
– Соңғы уақытта «суды үнемдеп пайдалану керек» деп жиі айтылып жүр. Қалада су тапшылығы болуы мүмкін бе?

Бұған «Астана су арнасы» МКК зертхана бастығы Уәсила Әуезова жауап берді.


– Есіл өзенінің жоғарғы жа­ғынан келетін су мен «Астана» су қоймасының және жаңбырдың, қардың суы қосылып, «Астана су арнасының» су қоймасы толықтырылып отырады. Тек 2013 жылы ғана Астанада судың тапшылығы бол­ғаны рас. Одан бері жаңбыр да, қар да көп жау­ды. Бүгінде су жеткілікті. 450 миллион текше метрді құрайтын кәсіпорынның су қоймасы қазіргі уақытта толып тұр. Сондықтан әзірге су тапшылығы болмайды. Бірақ, әрине, суды ысырап қылмай, үнемдеп пайдаланған жөн.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button