Ел тынысы

Астаналық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Түркістанда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дзюдо күресінен өткен әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Сабыржан Хапизов (+100 кг) жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Әлем чемпионатында Сабыржан Хапизов жарыстың екінші күнінде ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған байрақты бәсекеге әлемнің 24 елінен 200-ден астам спортшы бақ сынады. Қазақстан тарапынан 24 спортшы өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстан сурдо дзюдо құрамасы әлем чемионатының жекелей жарысын 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық кестесінде ІІ орынмен аяқтады. Ал командалық чемпионатта ерлер құрамасы алтыннан алқа тақса, әйелдер құрамасы қола жүлдені еншіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button