#Жаңа Қазақстан

Ауыл дамымай, адымымыз ашылмайды



Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына кандидат Асхат Асылбеков Жамбыл облысы Қордай, Шу және Тұрар Рысқұлов ­аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында көпбалалы аналар, жастар, жер мәселелері және зейнетақы жайы сөз болды.

– Ауылды аймақтарды дамытудың бірыңғай картасын әзірлеу керек. Бұл бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр Қазақстан Халық партиясы, – деді Асхат Асылбеков.

Кездесуде сайлаушылар көкейінде жүрген сан сауалдарын қойды. Әсіресе, жайылымдық жер тапшылығы мен шалғай ауылдардағы инфрақұрылым мәселесін сөз етті. «Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 5-тен 500 гектарға дейінгі аумақта 7 жылға пайдалану құқығын тегін беру керек. Бірақ бұл заңды тұлғаларға жүрмейді» деді.

– Біз, әйелдер, 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдаймыз. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жастан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Себебі әйел – ана, қыз, қарындас, жар! Біз Парламентте оларды қорғайтын заң қабылдаймыз! – деді кандидат.

Жастар мәселесі де  күн тәртібінде күйіп тұр. Жұмыссыздық пен баспана жайы жас отбасылардың қабырғасын қақыратып барады. Осы орайда Қазақстан Халық партиясы жастарға арналған жеке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды талап етуде. Сонымен қатар, студенттер шәкіртақысын көтеру, тегін жатақханамен қамту мәселесіне де партияның шешімі анық. Мемлекет студенттерге жатақханада тегін тұруды қамтамасыз етуі тиіс, – деді Мәжіліс депутаттығына кандидат А.Асылбеков.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button