#Жаңа Қазақстан

Тараздық тұрғындармен кездесті

Respublica партиясының төрағалары мен кандидаттары Тараз қаласына барды. Онда жергілікті кәсіпкерлермен, түрлі саладағы компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті.

Ең алдымен, көне шаһардағы кез келген тұрғын қатыса алатын, ой-пікірін, ұсынысын жеткізе алатын кездесу болды. «Баласағұн» сарайына партия мүшелерін тыңдауға 1000-нан астам тараздық тұрғын жиналды.

Көпшіліктің алдында партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төраға Сырымбек Тау, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ­Қуаныш Шонбай, Қырмызы Жандосова, Екатерина Смолякова, Әсел Дәкен, Олжас Болатбекұлы және Бақытбек Хамит сөз сөйледі. Олар партия бағдарламасымен таныстырып, «елде нені өзгерту қажет?» деген сауалды талқылады.

Шараны партия басшысы Айдарбек Қожаназаров ашты. «Біздің саясатта тәжірибеміз жоқ. Бірақ уәде беріп, кейін оны орындамай қалудан да тәжірибеміз жоқ. Сіздерге беретін жалғыз уәдеміз мынау: сіз Respublica партиясынан тек шындықты естисіз, кейде бұл шындық ащы болуы мүмкін. Бізге дауыс беру арқылы сіз болашақ үшін дауыс бересіз. Осы арқылы Қазақстанның талантты және іскер жастарына мүмкіндікке жол ашасыз» деді партия төрағасы.

Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау Қазақстанда ауқымды реформалар жүргізілу керектігін айтты. Ең алдымен, қарызға белшесінен батқан қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға баса назар аударылу керек. Ол ел тұрғындарының, тіпті азық-түлік алу үшін де несие алатынына қынжылды.

Кездесу соңында спикерлер аудиторияның сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button