Басты ақпаратЖаңалықтар

БАЛАБАҚШАҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Астанада жекеменшік балабақшаларға топтау жүргізіле бастады

img_9484

Қаладағы жаңадан ашылған, сондай-ақ, бұрыннан қолданыстағы  мемлекеттік білім беру тапсырысы бар балабақшаларға бұған дейін кезекте тұрған 3-6 жас аралығындағы сәбилерге жолдама берілетін болады.

Топтарға жинақтау жұмыстары 12 қазанға дейін жүргізіледі. Жолдама алу үшін Қарталы көшесінде орналасқан №61 орта мектепке сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

Жолдама алу үшін Астана тұрғындарында ағымдағы кезек нөмірі болуы тиіс (оны ЖСН, баланың ТАӘ және туған күні бойынша http://egov.kz/ порталы арқылы білуге болады). Жекеменшік балабақшаға жолдама алғанда, мемлекеттік балабақшаға кезек сақталады.

Жекеменшік балабақшада ата-аналардың төлемақысы 20 800 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жекеменшік балабақшаны тұрғылықты мекенжайға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшалардың тізімінен таңдап, оған жолдама алуға мүмкіндік беріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button