Жаңалықтар

Балаларды оқытуға мүмкіндік жасалған

Астана қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста «Аутизм, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жетімдерді қолдау» қоғамдық қорының өтініші қаралды.
Бұл мәселе бойынша бірқатар қала­лық басқарма өкілдері баяндама жасады. Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, шаһардағы мектептердің 90 пайызында ерекше қажеттілікті талап ететін балаларды оқытуға мүм­кіндік жасалған. Сондай-ақ 12 балабақша да осындай балдырғандарға арнайы топтар құрылған. Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мағрипа Ембергенова жыл санап аутизмге шалдыққан балалардың саны өсіп келе жатқандығын айтты. « Біздің психикалық денсаулық орталығында электрондық қор жұмыс істейді. Онда аутизмге шалдыққан жеткіншектер тіркелген. Осы жылдың басында осы дерт бойынша 441 бала анықталды. Өткен жылы 122 жеткіншек тіркелді» деді ол.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Абильдиновтің мәлімдеуінше, қалада 25 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оған ерекше қажеттілікті талап ететін балалар да кіреді. Бүгінде мұндай жеткіншектерге қоғамдық көліктерді тегін пайдалану құқығы берілген. Сондай-ақ оларға тегін әлеу­меттік көмек көрсететін мекемелер желісі жұмыс істейді. Қазір осындай көмекті 121 бала алып отыр.
Сонымен қатар отырыста Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қоғамдық даму істері басқармасы, Мәдениет және спорт басқармасы, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері сөз алып, осы бағытта өздері атқарып отырған іс-шаралар туралы баяндады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button