Қала мен Сала

Балалардың болашағы үшін

Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 24 қарашада Алматы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ кепілі – балалар» атты форум өткізілді.

Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Саматұлы, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов,  Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров, Asar-Ume қайырымдылық қорының негізін қалаушысы Асхат Нұрмашев, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Асанов, «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы және блогер Алексей Лодочников қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – пәндік олимпиадалар, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстарда жетістікке жеткен ауданның қабілетті және талантты оқушылардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру және тәжірибе алмасу. Форумға 1-11 сынып аралығындағы 268 оқушы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты.

Форум бағдарламасында онлайн құттықтау, TED talks форматында сұхбаттасу, марапаттау, арнайы сыйлықтар және фуршет болды. Аталған форум аясында аудандағы белсенді оқушыларға арналған осындай қызықты іс-шаралар ұйымдас­тырылды, балалар форумға қатысушылардың танымдық баяндамаларын, іс-тәжірибелерін қызыға тыңдап, пікір алмасты.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button