Руханият

Қазақ руханиятының жарық жұлдызы

Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстел өтті. Осы атаумен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынға белгілі Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Мәжілісті Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәпен Аңсат жүргізіп, 2023 жылды «Түрксой» халықаралық ұйымы түркі әлемі елдеріндегі Жүргенов жылы деп жариялағанын атап өтті. Соның аясында осы күнге дейін атқарылған, алда өтуі жоспарланған іс-шараларға тоқталды.

Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, академик Кәрімбек Құрманәлі, жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург Айгүл Кемелбаева, философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Асан Омаров, ақын, әнші, композитор Елена Әбдіхалықова, басқа қатысушылар да Темірбек Жүргеновтің қайраткерлік, қаламгерлік, азаматтық болмысы жайында ой бөлісті. Ел тарихында алар қоғамдық-саяси орнына, қаламгерлік мұрасына, жас ұрпаққа берер өнегесі туралы әңгімеледі. Тележурналист Майя Бекбаеваның «Темірбектің өмірі мен қазасы» деректі фильмі көрсетілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button