Басты ақпарат

БАЛТЫҚ ЖАҒАЛАУЫМЕН БАЙЛАНЫСЫМЫЗ БЕРІК

с-Премьер-Министром-Латвии

«Әділбек Жақсыбеков Литва және Латвия республикаларына  ресми сапармен барды» деп хабарлайды  қала әкімінің баспасөз қызметі.

Елорда басшысы Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюспен кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

«Астана мен Вильнюс мэрлерінің арасында тығыз қарым-қатынас бұрыннан  бар, екі қала арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз»  деді елорда әкімі.

 Ә. Жақсыбеков  Қазақстан астанасы үшін  тәжірибесі  қызықты болатын Литваның кейбір бизнес жобаларымен танысты. Әкімнің сөзінше, бүгінгі таңда  Астана қаласындағы зәрі мәселелердің бірі – автотұрақты ұйымдастыру.

 Вильнюс қаласының мэрі Миландағы қазақстандық «ЭКСПО» павильонының танымалдығын ерекше атап өтіп, туризм саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне тоқталды. Ал,  Ә. Жақсыбеков алда өтетін халықаралық «ЭКСПО – 2017»  мамандандырылған көрмесі аясында Астанада жүргізіліп жатқан ірі құрылыс жобалары мен дайындық барысы  туралы баяндап, Вильнюс әкімшілігінің осы шараға ақпараттық қолдау жасайтынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Астана қаласындағы Вильнюс мәдениет күндерін өткізу және көрме өтетін уақытта арнаулы чартерлік рейстер ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. Р. Шимашюс Астана-Вильнюс арасындағы тұрақты әуе бағытын ашу жайында сөз қозғады.

Литвалық әріптестер Қазақстан делегациясы таныстырған инвестициялық жобалар мен жас астананың шетелдік инвесторларға беретін мол  мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.  Ә. Жақсыбеков Вильнюс бизнес қоғамы өкілдерін елорданың инвестициялық әлеуетімен толыққанды танысу үшін 28-30 қазанда Тәуелсіздік сарайында өтетін VI халықаралық «Astana Invest – 2015»  инвестициялық форумына  қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, кездесуде қала құрылысы жайнында әңгіме өрбіді. Елорда әкімі Қазақстан астанасы құрылысының негізгі бөліктеріне тоқтала келіп, оның ел  экономикасы үшін маңыздылығын айтты.

«Құрылымдық ынтымақтастық біздің азаматтарымыз үшін екі ел арасындағы мәдениет пен өнерді жақын тануға септігін тигізетініне сенімім мол. Икемді әрекет етсек, бұл өз кезегінде екі астананың экономикасын дамытуға қозғаушы күш бола алады» деді ол.

 Қала басшылары Астана мен Вильнюс арасында 2000 жылы бекітілген Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар келісімі негізінде ортақ жобаларды одан әрі дамытуға келісті.

Астана қаласы әкімінің Литва премьер-министрі Альгирдас Буткявичюспен кездесуінде сауда-экономикалық қарым-қатынас, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс салалары бойынша негізгі серіктестік бағыттары талқыланды. Аймақаралық деңгейде екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері көтерілді, сонымен қатар, халықаралық  «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жұмыстары туралы да айтылды.

 Литва үкіметінің басшысы Астана мен Вильнюс арасындағы қарқынды дамып келе  жатқан серіктестікке назар аударып, оның одан ары нығая түсетініне сенім білдірді.

Ал, Латвия Республикасына ресми сапарын  кеше Астана әкімі Рига қаласының мэрі Нил Ушаковпен кездесуден бастады. Бүгін Латвияның премьер-министрі Лаймдота Стауюмамен дидарласады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button