Қала тіршілігі

Батыстан азық-түлік керуені келеді

Елордаға 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген Батыс Қазақстан облысының керуені келіп жетті.

– Елордада өңірлердің өткізетін жәрмеңкесінің қала тұрғындары үшін орны бөлек. Жәрмеңкенің бағасы төмен әрі қолдан өндірілген өнімдер болады. Биылғы жәрмеңкелер елорданың 20 жылдық мерейтойына арналады. Мұндай шаралар Астананың азық-түлік белдеуінің жүктемесін біршама азайтады, – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Руслан Идрисов.
Тұрғындарға азық-түлік өнімдерінің бағасы қолжетімді болуы үшін ондағы тауар бағасы қала базарларындағы бағадан төмен болады.
– Батыс Қазақстан облысы астана­лықтарға 32 тонна жылқы және сиыр еті, 10 тонна қалбырдағы өнім, 16 тонна ет және шұжық өнімдері, 10 тонна ұн мен жарма өнімдері, сондай-ақ бір тонна өсімдік майы, 10 тонна балық, 2,3 мың литр квас, шырын секілді сусындар мен 1 тонна кондитер өнімдерін ұсынады, – дейді Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы бас­шысының орынбасары Жасұлан Халиуллин.
Жәрмеңкеде орташа баға бойынша сиыр еті – 1400, жылқы еті – 1600, ет және шұжық өнімдері – 1500, балық – 700, сусындар – 110, өсімдік майы – 370, кондитерлік өнімдер 300-1500 теңге аралығында сатылады.
Бұған қоса, астаналықтардың назарына екі күн бойы түрлі батыс­тан келген өнерпаздар концерт бағдар­ламаларын ұсынады.
Осыған дейін қалада Түркістан ме Қарағанды облыстарының ауыл­шаруашылық жәрмеңкелері өтті.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button