Саясат

Елді елең еткізген

ТҮРКИЯ АҚШ-қа КЕЗЕКТІ СОҚҚЫ БЕРДІ

Түркия АҚШ-тың мемлекеттік қарызындағы қаржыларының санын күрт азайтып, оның экономикасына тағы бір соққы берді.

Анкара осылай Амери­каның қазына­шылық қағаздарын ұстаушы ірі мемлекеттер тізімінен шы­ғып келеді. Ол соңғы айларда Штаттардың мем­лекеттік қарызына қосқан ақшасы көлемін 28,8 млрд долларға дейін түсірді. Мамыр айында ғана бұл мөлшер 32,6 млрд доллар болатын.
Түркия мұндай шешімге өткен жылдың қараша айында келді. Сол тұста қарыз саны 61,2 млрд дол­ларды құрайтын. Содан бері оны ұдайы кеміту арқылы бү­гінгі күнгі деңгейге жетті.
АҚШ-қа қарыз елдер көшін Қытай бастап келе­ді. Оның берешегі – 1,179 триллион доллар. Екінші орындағы Жапонияның үлесі – 1,03 триллион. Ал үшінші орында 300,1 млрд доллар қарызы бар Бразилия тұр.

КАДДАФИДІҢ ЖАҚТАСТАРЫ ӨЛІМГЕ КЕСІЛДІ

Ливияның қылмыстық істер соты бұрынғы президент Муаммар Каддафидің жақтасы саналған 45 адамды өлім жазасына кесті.

Оларға 2011 жылғы тамызда елдің астанасы – Триполи қаласында болған көтерілісшілерді жаппай қыруға қатыстары бар деген айып тағылып отыр. Соттың шешімі түпкілікті, ол қайта қаралмайды. Осы іске қатысты тағы 54 адам әртүрлі мерзімге түрмеге отыру жазасын алды.
Бұдан 7 жыл бұрын орын алған оқиға елдің көп жылдар бойғы лидері Муаммар Каддафидің билігіне қарсы шыққан әртүрлі «революциялық» күштердің көтерілісін басуға арналған еді. Олар үкіметтің әскери бө­­лімшелеріне шабуыл жасаған. Бүлікшілердің бір тобы астана түбінде қоршауға алынып, түгел жойылып жіберілген болатын. Көтеріліс ақпан айында басталып, тамызға дейін ұласты. Оған қатысқандар Каддафидің билік басынан кетуін талап етті. Ал экс-президент өлтірілгеннен бері Ливия өте терең дағдарысты бастан кешіп келеді.

САРГСЯН ТЕРГЕУГЕ ШАҚЫРЫЛДЫ

Арменияның экс-пре­зи­­денті Серж Саргсян республика тергеу қыз­метіне жауап алуға ша­қырылды.

Бұрынғы басшы 2008 жылғы 1 наурызда өткен президент сайлауынан кейінгі мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет ету оқиғасына байланысты тергеледі. «Іс то­лық ашылғанға дейін осыған қатысы бар са­налған тұлғалардың бәрі тергеледі. Соның ішінде осы сайлауда жеңіп шыққан Серж Саргсяннан да жауап алынады» деді тергеу қызметінің басшысы Сасун Хачатрян.
Ол сонымен бірге «ше­­шімді тергеушілер қабылдайтынын» айтты. Олар тергеуді жүргізу тактикасын да өздері таңдауға тиіс. Бастысы – осы істен нәтиже шығару. Ал жақын уақыттарда экс-президент елдегі талан-тараж оқиғалары мен жемқорлық жайы бойынша да тергеу алдында жа­у­ап беретін болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button