Басты ақпаратЖаңалықтар

Бейбітшілік пен келісім – ең қастерлі қазына

5g7a9233

Елбасы Қазақстан халқы Ассам­блея­сының республикалық фес­тиваліне қатысты, деп хабар­лады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша рөл атқарып отырғанын атап өтті.
– Осы жылдары Ассамблея ұлты мен діні әртүрлі адамдарды өзара жақындастыра түсті, сан алуан мәдениет пен салт-дәстүрдегі жақсы нәрсенің бәрін көрсетіп берді. Бейбітшілік пен келісім – Тәуелсіздіктің 25 жылының ең қастерлі қазынасы, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қазіргі әлемде мемлекеттің этно­мәдени бірлестіктерге қолдау білдіруі ерекше тәжірибе болып отырғанын айтты.
– Бұл – Қазақстандағы нақты шындық. Мемлекет барлық этномәдени бірлестіктерге тұрақты түрде және кең ауқымды қолдау көрсетіп, балаларды ана тіліне оқы­татын мектептерді қаржыландырып келеді. Газеттеріміз бен журналдарымыз он бес тілде шығады, театрларымыз жеті тілде сөйлейді, – деді Елбасы.
Фестиваль барысында Нұрсұлтан Назарбаев корей, неміс және ұйғыр ұлттық театрларына академиялық мәртебе берді.
Соңында Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, баршаға игілік пен бақ-береке тіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button