Басты ақпарат

Бизнес шыңына шығу

Астанада осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Seedstars» халықаралық технологиялық стартап-инкубаторы ашылады. Оның орталығы «Hilton Astana» қонақүйінде орналасқан.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Астана – инновациялар қаласы» стратегиясы қағидаларын жүзеге асыру мақсатында қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен халық­аралық бизнес инкубаторлары «Seedstars» және «BI Property» ЖШС арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім бойынша компаниялар салған инвестицияның арқасында елордада адам капиталын дамыту үшін бірегей алаң құрылмақ. Онда қаланың әрбір тұрғыны жаңа технология саласында тәжірибе алып, жеке жобасын іске асыруына жағдай жасалады, бұған қоса жастардың әлеуетін дамытуға басымдық берілмек.
– Үлкен мегаполистердің тәжірибесіне қарап-ақ жаһандық қалалардың тепе-тең дамуы креативі жоқ индустриясыз мүмкін еместігін байқауға болады. Сол себепті біз креативті кластердің негізін қалыптастыратын қалалық инновациялық алаң құрмақпыз. Мұнда елорданың инновациялық экожүйесі қалыптасады, – деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.
Жоба серіктестерінің бірі Дэвид Дэкомбес орталықта әлем бойынша 70 мыңнан астам стартапер, кәсіпкер мен инвесторлар барын мәлім етті. Жоба іске асқаннан кейін Астана бірыңғай желіге қосылып, тұрғындардың тәжірибе алмасуына жағдай жасалады, сондай-ақ технологияның дамуына мүмкіндіктер ашылады.
Ал қатысушыларға қойылатын бас­ты талап – инновациялық әрі технологиялық өнім жасау. Жоба алдымен Астанада, әрі қарай еліміздің өзге жерлерінде іске асырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button