Жаңалықтар

БЖЗҚ қайтыс болған туыстардың жеке зейнетақы шотының болуын не болмауын тексеруді өтінеді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (БЖЗҚ) БЖЗҚ-да қайтыс болған салым­шы­лардың зейнетақы жинақтары бар
1998 жылдан бері ашылған жеке зей­нетақы шоттарының (ЖЗШ) бар екенін хабарлайды.

Осыған орай жинақтаушы зей­нетақы қорларына немесе БЖЗҚ-ға жер­леуді жүзеге асыруға біржолғы төлем алуға не мұрагерлік бойынша зей­нетақы жинақтарын төлеуге бұрын өтініш бермеген отбасы мүшелерінің не қайтыс болған салымшы­ларды жер­леуді жүзеге асырған тұлғалардың қайтыс болған салымшыда ЖЗШ болуын не болмауын тексеру және ЖЗШ болса, жерлеуді жүзеге асыруға/мұрагерлік бойынша зейнетақы тө­лем­дерін тағайындау туралы өтініш беру мақсатында БЖЗҚ өңірлік бөлімшелеріне келуін өтінеміз.

Қайтыс болған салымшыда ЖЗШ болуын не болмауын тексеру үшін мұрагердің немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты және салымшының қайтыс болғаны туралы куәлікті алып келу қажет.

Жерлеуді жүзеге асыруға немесе мұрагерлік бойынша зейнетақы жинақтарын төлеуді ресім­деуге қажет құжаттар тізімін қор сайтының
(www.enpf.kz) «Қызметтер» – «Алу­шыларға» – «Зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі» – «Алушының қайтыс болуына байланысты төлемдер» бөлімінен алуға болады.

Мәлімет үшін БЖЗҚ-дан жерлеуді жүзеге асыруға төлемнің респуб­ликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ ЖЗШ-дағы қаражаттан аспайтын мөлшерде бір рет төленетіндігін хабарлаймыз. Ағымдағы жылы 1 АЕК – 2 121 теңге. Біржолғы жерлеуге төлем жасалған соң зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз болған жағдайда, бұл қалдық аталған төлем сомасына қосылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button