Жаңалықтар

Сот жүйесі оңтайлана түсті

100-накты-кадам-350x262

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында сот жүйесін оңтайландыру,  істі қарау уақытын жеңілдету, халыққа қолжетімділігін арттыру жөнінде айтылғаны белгілі. 

Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы А.Сансызбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда сот жүйесінің алдына қойылған бұл міндеттер заңнамалық тұрғыда толығымен орындалған. Атап айтқанда, бағдарламада көзделгендей, биылғы жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының соттарында үш сатылы сот жүйесі жұмыс істей бастады. Жаңа модель халықаралық стандарттарға да сай келеді, бұл өз құрылымы бойынша халыққа әлдеқайда ыңғайлы және сот төрелігінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Елбасы сот корпусында жұмыс атқаратын судьялардың біліктілігіне баса назар  аудару қажеттігін атап көрсетті. Бұл бағытта түрлі шара жасалды. Оның бірі – үміткер мамандандырылған  білім алуы, судья біліктілігін және жұмыс сапасын жақсартуы. Сондықтан қалыптасқан сот төрелігі институтында оқыған үміткер магистрант болып шығады. Бітірген магистрант кейіннен судьялық лауазымға қатысуға да құқы бар, қатыспауға да құқы бар.

Судья А.Сансызбаева атап көрсеткендей, «100 нақты қадам» бағдарламасын орындау мақсатында  жаңа Азаматтық процестік кодекс, «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң қабылданды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілді.

         Міндетті аудио-бейне жазбаларын енгізу жөніндегі тапсырманы іске асыру мақсатында, бұл міндеттеме азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот іс жүргізулерінде белгіленді.

Бұл ретте, орнатылған аудио-бейне жазба құралдары мәліметтерді сақтаудың орталық жүйесіне қосылған екен. Бұл дегеніңіз судья, не хатшы аудио-бейне жазба құралдарындағы материалдарды уақытша тоқтатуға немесе өзгертуге мүмкіншілігі болмайды.

Ұлт Жоспарының 21-қадамын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы заңымен 5 құрамды қылмыс бойынша істерді қарау мүмкіншілігі арқылы алқабилер сотын қолдану аясы кеңейтілген.

         Елбасының тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан сот саласындағы өзгерістердің арқасында Қазақстанның әлемдік аренадағы орны да артуда. Демек, жүргізіліп жатқан реформалар өз нәтижелерін беруде және де сот осымен шектелмей әлі де жетіле түседі.

Елбасының жариялаған Бес институционалдық реформасы аясында халық пен мемлекет игілігі үшін сот ісін жүргізу мен сот өндірісін одан әрі жетілдіру жұмыстары әлі де жалғасатын болады.

         Халықтың судьяларға деген сенімін арттыру мақсатында,  Судьялардың әдеп кодексін жаңарту мен жетілдіру барысында жұмыстар жүргізілді.     Судьялар одағының кезектен тыс VII съезінде қабылданатын  жаңа Әдеп кодексі үздік халықаралық тәжірибеге негізделіп әзірленуде. Бұдан бұрынғы Кодексте осы принципті басшылыққа алған.

Біздің міндет Елбасы бағыт-бағдарын айқындап берген нақты мақсаттарды мінсіз орындау болмақ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button