Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖОЛДА БАЙҚА, БАЛАҚАЙ!

бал бала

Биыл жыл басынан бергі жол-көлік оқиғаларында 58 бала түрлі жарақат алыпты. Оның ішінде 20 жеткіншектің зардап шегуі ата-аналардың салғырттығынан екен. Сондықтан балалардың зардап шегуін азайтуға бағытталған шаралар көптеп өткізілгені жөн-ақ. Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің өкілдері №8 орта мектеп оқушыларымен «Адымдауыш автобус» атты акция өткізді.

«Абайлаңыз, балалар» деп аталатын кең ауқымды алдын алу шарасы аясында ұйымдастырылған басқосуда орта және бастауыш сынып оқушылары жолда жүру ережелері мен жол объектісінің инфрақұрылымымен кеңірек танысты.

Жол апаты жағдайында балалардың зардап шегуін азайту мақсатындағы акцияда оқушылар полиция инспекторларымен және ұстаздарымен бірге әзірленген бағытта жүріп өтті. Олар жолай жол белгілеріне назар аударып, ережелерге қатысты сауалдарына жан-жақты жауап алды. Сондай-ақ, акция қатысушыларына суреттелген дәптерлер мен жаяу жүргіншілерге қауіпті аймақтарды үйрететін таспалар таратылды.

DSC_9606

Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция майоры Айымгүл Уәлиеваның айтуынша, жол ережелеріне үлкендердің өзі жауапкершілікпен қарауы керек. «Жол ережелерін үйретуге, жол-көлік оқи­ғаларының алдын алуға бағытталған шараларды көбірек ұйымдастырғанымыздың арқасында төтенше оқиғаларды азайттық деп ойлаймыз. Бұл сөзіме нақты сандар куә бола алады. Айталық, өткен жылы орын алған жол апаттарында бүлдіршіндердің зардап шегуі мен өлімі көп болатын. Ал биыл осындай шаралардың көптеп өткізілуіне байланысты жол-көлік оқиғалары азайды» дейді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button