Денсаулық

Денсаулық үшін жүгірейік!

Елордада жүгіру маусымы ашылды. Мерекелік іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық триатлон федерациясы ұйымдастырды.

Триатлон парктің жүгіру жолында ұйымдас­тырылған Astana Run жарысына 350-ден аса астаналық қатысты. Жарыс алдында ұжымдық жаттығулар өткізілді. Ал жарыс жолына 16 жастан 60 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы әуесқой спортшылар шықты. Жарысқа қатысушыларға тәттілер, сусын, ыстық шай ұсынылды. Ал ең бастысы, әрине, жарыс жолындағы жүгіру болды. Маусымашар жарысқа келушілер 5 шақырымға жүгірді.

Astana Run жарысына қатысқан барлық жас санаттарындағы ерлер мен әйелдер арасында үздік нәтижелер бойын­ша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button