Елорда тынысы

Қозғалыс кестесі өзгереді

Астанада 8 сәуірден бастап төрт маршруттық автобустың қозғалыс кестесі өзгереді. Бұл туралы хабарлама City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында, аялдама пунктінен шығудағы, сондай-ақ төрт жолақты жол төсемі кезінде солға бұрылыста қайта тұру кезіндегі қиындыққа байланысты, Тұран даңғылының бойында (Қорғалжын тасжолы бағытында) орналасқан KeruenCity СОО аялдама пункті 2023 жылғы 8 сәуірден бастап №35, 300, 305, 312 бағдарлардың қозғалыс схемасынан алып тасталады» делінген хабарламада.

Компания жолаушылардан мұқият болуды және өз бағдарын алдын ала жоспарлауды өтінеді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button