Елорда тынысы

Депутаттар сенбілікке қатысты

Астана қалалық мәслихатының депутаттары өткен сенбіде 10 мың астаналықтармен бірге сенбілікке қатысты. Сенбілік елордадағы «Жасыл Астана» экологиялық акциясы аясында өтіп жатыр. Бұл күні 1240 түп тал-ағаш егілді. Қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бұрыннан келе жатқан ізгі дәстүрдің тазалық, мәдениет үшін орны айрықша екенін айтады.

«Бұл – бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүр. Коммуналдық сенбілік аясында 1240 жасыл желек отырғызылып, саябақтар мен скверлер жиналды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері өз аумақтарын тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан бойынша 2 миллиард түп көшет отырғызу туралы бастама ұсынды. Игі шараға қала тұрғындарымен бірге мәслихат депутаттары, аудандық әкімдіктер, коммуналдық кәсіпорындар, тұрғындар, студенттер, еріктілер, экоактивис­тер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысып, өз үлесін қосты» деп жазды сенбілік туралы Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы 15 қазанға дейін жалғасатынын айтты. «Әр қазақстандықтың «атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін бабалар өсиетінен өнеге алып, осындай іс-шараларға белсенді қатысқаны абзал. Қоршаған ортаны қорғап, көшет отырғызудың келер ұрпақ үшін де үлгілі іс екені сөзсіз. Ендеше күн санап көркейіп, құлпырып келе жатқан елордамыздың жасыл желекті шаһарға айналуына бәріміз атсалысайық!» деді мәслихат төрағасы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button