Қоғам

Дінтанушылармен сұхбаттасты

Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында семинар өткізді. Іс-шара дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Ұстаздарға арналған семинарда мектеп оқушыларының интернеттегі деструктивті діни ағымдардың парақшаларына жазылуының алдын алу, құмар ойынға тәуелділік, буллинг және балалардың өз-өзіне қол жұм­сауының алдын алу мәселесі көтерілді. Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, Қазақстан бойынша жыл басынан бері 139 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаса, тағы 233-і осындай қадамға баруға тырысқан. Еліміздің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының статистикасы бойынша еліміздегі әрбір бесінші жасөспірім буллингке ұшыраған.

Дінтану саласының белгілі мамандары: тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан, психолог, дін мәселелері бойынша сарапшы Жұлдыз Жаңабергенова тақырыпты жан-жақты талқылап, дін саласындағы заңнамалар, жастармен насихат жұмысының ерекшелігі және деструктивті діни ағымдардың белгілерін тану тәсілдеріне қатысты сараптама жасады.

Мамандар ұстаздардың назарын интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікке, сондай-ақ психология тұрғысынан өзекті проблемалық мәселелердің себептеріне ерекше назар аударды.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button