Жаңалықтар

ЕЛБАСЫ САМАРҚАНДҚА БАРДЫ

77076071

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримовті еске алу үшін Самарқандқа барды. 

Онда Елбасы И. Каримовтің бейітіне гүл шоқтарын қойып, екеуін ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыс­тырып келгенін айтты.

– Өзбекстандықтардың келер ұр­пағы, мемлекет қызметіндегі бас­шылардың келесі буыны Ислам Каримовті әрдайым есте сақтайды деп сенемін. Оның артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметінің нәтижелерін ұрпақ зерттеп-зерделеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы оның есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев И.Каримовтің отбасымен кездесіп, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетімен көңіл айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button