Қала мен Сала

Электрондық сауда алаңы жұмыс істейді

Бас қалада көппәтерлі тұрғын үй қызметтерін жеткізушілер үшін электрондық сауда алаңы іске қосылды. МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетованың айтуынша, бастапқыда «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына сәйкес, басқару нысандарын құру мерзімі 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде қабылданған.

[smartslider3 slider=3612]

– Карантин шараларына байланысты реформаны жүзеге асыру, 2020 жылы жоспарланғандай, белсенді болмады және меншік иелері жиналыстарды, жазбаша сауалнамаларды онлайн режимде өткізді және жалпы үй мүлкін басқару процесіне кірісті. Карантинмен қатар, бүгінге дейін үйлерді «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнан шығарылған нысандардан беру, үйді сапалы ұстау үшін атқару құжаттары мен өзге де құжаттардың жасырылуы немесе болмауы бойынша тосқауыл сақталуда, – деді Гүлвира Әбетова.

Объективті себептерді ескере отырып, Парламент Мәжілісінің депутаттары ПИК, ӨК және басқа да нысандарды тарату кезеңін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартуға бастамашы болды.

– Тұрғын үй реформасын іске асырудың барлық кезеңінде мүлік иелері МИБ-ке тіркелгенге дейін және одан кейін МИБ орталығының мамандарымен Тұрғын үй орталығы базасында консультациялық кеңес алды. Сонымен қатар қалалық жобаның бастамашылары үйлерді басқару саласында қызмет көрсетушілердің бірыңғай тізілімін қалыптастырды, оны тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығының алғашқы форумы бастады, – деді МИБ орталығының басшысы.

Гүлвира Әбетованың мәлімдеуінше, осы уақыт аралығында өткізілген мастер-кластар, толтырылған құжаттар және тұрғындарға үнемі консультациялық қолдау көрсету қалыптасқан МИБ-тің тәуелсіз даму жолына түсуіне көмектесті.

– Бүгінде барлық меншік иелері мен кәсіпкерлік орта үшін жеткізушілердің бірыңғай тізілімі бар ТКШ орталығы сынды электрондық сауда алаңына қатысу қолжетімді, – деді орталық басшысы.

Бастамашылар ТКШ орталы­ғының тәжірибе алмасу және елдегі тұрғын үй қатынасын жақсарту бөлігінде бірыңғай шаралар әзірлеудің мүмкіндігіне тоқталып, онда өз қызметін орналастыру үшін басқа қалалардың өнім берушілері өтінім беріп жатқанын жеткізді. ТКШ электрондық сауда алаңында қызметтерді орналастыру үшін оқыту және біліктілік алды іріктеу – міндетті шарт.

Сондай-ақ Гүлвира Әбетова меншік  иелері  үшін Респуб­лика даңғылы, 32, 1-қабат мекенжайы бойынша күн сайын сағат 9.30-дан 12.30-ға дейін МИБ құру бойынша консультация жүргізудің жалғасып жатқанын айтты.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button