Қала мен Сала

Қарасу өзені тазартылды

Қала маңын ретке келтiрiп, көшелер мен аудан аумағындағы аулаларды, жалпы қоршаған ортаны таза ұстау – халық үрдiсi. Ауа райының қолайлылығын пайдаланып, Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Қарасу өзенінің бойында «Таза су» экологиялық акция-сенбілігін өткізді.

[smartslider3 slider=3613]

Іс-шара қаладағы «Clean City NC» ЖШС, «Астана жастары» КММ және «Байтақ болашақ экологиялық альянсы» РҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға қатысушылардың қай-қайсының да басты мақсаты туған қаланың тазалығына атсалысу болатын. Қолдарына кетпен-күрек алып, сенбілікке шыққандар түске дейін Қарасу өзенінің бойын айнадай етті.

Жылдағы дәстүр бойынша тазарту жұмысы барысында аталмыш мекемелерден сенбілікке қатысушы азаматтар өзен аумағын тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстан арылтып, Қарасудың айналасын ретке келтірді. Бұл маңдағы жердің бәрі және жолдың жиектері қолмен тазартылды. Осылайша сенбілікке шыққандар сол күні су аумағынан барлығы 260 келі немесе 92 қап қоқыс жинады. Оның 53-і қайталама шикізаты бар қап болса, қалғаны – қайта өңделмейтін қалдықтар.

Аталмыш акцияға елордалық 80 ерікті қатысты. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау арқылы азаматтардың экологиялық санасының қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button