Қоғам

Елорда еріктілері белсенді

Астанада 50-ге жуық волонтерлік ұйым мен қозғалыс жұмыс істейді. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров пен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк өткізген брифинг барысында мәлімдеді.

– Бас қаладағы волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстар арасында әлеуметтік осал отбасыларға қолдау көрсететін «Клуб добряков Астаны» сияқты көшбасшылармен тиімді жұмыс жолға қойылды. «Волонтеры Астаны LIDER.KZ» жоғалған адамдарды іздеу үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар «Біз таза ел үшін» қозғалысы экология мәдениетін насихаттайды. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы базасында төртінші жыл Волонтерлер жылы шеңберінде және 2021-2023 жылғы волонтерлікті дамытудың Жол картасын орындау аясында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды шоғырландыруды ұйымдастыру, ақпараттық және ресурстық көмек көрсету, қалада іс-шараларды есепке алуды жүргізу, күш-жігерді біріктіру, дербес қозғалыстар санын ұлғайту үшін қалалық волонтерлер штабы жұмыс істейді. Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындар мен қала меценаттарымен ынтымақтастық және бірлескен қызмет жүргізіледі. Штабта 5000-нан астам белсенді волонтер бар, – деді өз сөзінде қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Қамбаров.

Бүгінгі таңда волонтерлік ­ұйымдармен бірлесіп «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекенжайлары», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem» және т. б. жобалар аясында 1000-нан астам акция өткізілді. 4000 азық-түлік себеті, 3000 ыстық тамақты тасымалдау, киім мен жиһаз тарату, оқыту, адамдарды іздеу және тағы басқа көмек көрсетілді. Қыс мезгілінде қала кәсіпорындарымен бірлесіп 50 мекенжайда қар тазалау жұмысы жүргізілді.

«Биыл волонтерлер «Қауіпсіз қала» жобасы шеңберінде тұрақты негізде волонтерлер халық санағы, газдандыру туралы халықты хабардар ету, жылыту маусымы мен көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары, шомылу маусымындағы тәртіп ережелері, тыйым салынған заттарды сату туралы жарнаманы бояу мәселелері бойынша халықты түсіндіру жұмыстарына тартылды. 2020-2022 жылдары волонтерлер ұйымдары волонтерлерге арналған жабдықтар алды. Кейбір ұйымдар өз қызметін ілгерілету үшін үй-жайлар алды. «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ үшін халықаралық волонтерлік орталығын ашуға үй-жай бөлінді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қол­дауымен «Birgemiz: áreket ýaqyty» волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада волонтерлік қызметті қолдау мақсатында іс-шаралар мен кездесулер өткізді» дейді «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры ­Т.Миронюк.

Бастаманы ойдағыдай іске асыру үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлікті дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қатысуы көзделген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button