Басты ақпарат

Елорда тарихын айқындаған күн

10 желтоқсан – елорда тарихында ерекше күн. 1997 жылы осы күні Алатау баурайынан Арқа төсіне жаңа астана бар сән-салтанатымен көшіп келді. Сол күннен бастап Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Бүгін бұл тарихи сәтке 22 жыл толып отыр.Сол уақыттағы Ақмола мен қазіргі Нұр-Сұлтан шаһары арасындағы айырмашылық жер мен көктей. 300 мыңға жуық тұрғыны болған қала халқының саны бүгінде 1 миллион адамнан асты. Елорданың сәулетіне сай дәулеті қалыптасты.
Артқа бұрылып қарасақ, сол бір тарихи сәттің ең бір маңызды, көркем көрінісі Елбасыға бір топ ақсақалдың жаңа астана кілтін тапсыру салтанаты мен бата беруі болды. Иә, сол оқиға талайлардың жүрегін толқытқаны сөзсіз. – Бұдан былай және ғасырдан-ғасырға осында, ұлан-байтақ елдің кіндігіндегі халық тағдыры үшін өміршең тағдыры бар шешімдер қабылданатын болады. Бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғады. Осы жерден Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын айқындайтын болады, – деген еді сол бір тарихи оқиға кезінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button