Жаңалықтар

Мәскеу метросында – Мұқағали мәтіні

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына байланысты метрополитенге тақырыптық пойыз жүргізілді. Оның құрамындағы бес вагонның әрбірі интерьерлері осы одаққа мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдеріне арналды. Вагондардың қабырғаларына осы бес мемлекеттің негізгі өнеркәсіп салаларына, ішкі жалпы өнімнің өсіміне, ұлттық ас мәзіріне, ұлы тұлғаларына қатысты мәліметтер жазылып қойылды.Қазақстан вагонында Астанадағы «Бәйтерек» монументі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы және қазақтың ет тағамының пісіру тәсілі туралы мәліметтер ілінген. Мұндай сондай-ақ қазақтың арқалы ақыны Мұқағали Мақатаевтың бірнеше өлеңі орын алыпты. Онда қазақ шайырының Отан туралы, халық туралы жырлары бар. Әр вагондағы QR-кодтар сонымен қатар жолаушыларға ЕАЭО жайлы анимациялық роликтер көруге мүмкіндік береді.

Пойыз Кремльді қала метросының Шеңбер сызығы бойымен жүріп өтіп тұрады. Ол жарты жыл бойы осы миссиясын атқарады. Осы аралықта үш миллион жолаушыны тасымалдайды деген болжам бар.«Бұл пойызға мінген жұрт біздің одақтың түпкі мақсаты не екенін, осы одаққа кіретін әрбір елдің оған қосатын үлесі қандай екенін анық аңғарады. Бұл альянстың бекер құрылмағанын байқатар еді» дейді Еуразия экономиялық комиссиясы алқасының төрағасы Тигран Саркисян.

Еуразия экономикалық одақты құру жөніндегі шешім 2014 жылғы 29 мамырда қабылданды. Ол 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне еніп, өз жұмысын бастады.

Расул АЙТҚОЖА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button