ӘлеуметБасты ақпарат

Әлеуметтік пакетке не кіреді?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі және 6 жастан 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік пакет беріледі. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы және гигиеналық құралдар жиынтығы кіреді деп жоспарлануда.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің ұсыныс­тары негізінде атау­лы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын аз қамтылған отбасылардың балаларына ке­пілдендірілген әлеуметтік пакет қалыптастырды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныс­тарына сәйкес тамақ пакеттері физиологиялық сипаттамаларды, азық-түліктің энергетикалық құндылығы мен олардың тұтыну нормаларын жасына сәйкес ескере отырып жасалады және АӘК тағайындау кезеңінде айына бір рет берілетін болады.
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Гарифуллиннің айтуынша, азық-түлік жиынтығы 1 жастан 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты өз құрамы бойынша ерекшеленетін болады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға

– 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған тамақ өнімдерінің жиынтығына 2,5 пайыздық ультра­пастерленген сүт – 1,95 литр, балалар печеньесі (бес айдан бастап балаларға арналған) – 180 грамм, өлшеп салынған ұнтақ жармасы – 700 грамм, ассортименттегі балаларға арналған гипоаллергенді ботқа (5 айдан бастап балаларға арналған) – 320 грамм, балаларға арналған ассортименттегі гипоаллергенді пюресі – 1150 грамм, өлшеп салынған жүгері жармасы – 400 грамм, өлшеп салынған сұлы қауызы – 800 грамм, – деді Бахтияр Гарифуллин.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтығына 2,5 па­йыздық ультрапастерленген сүт – 1,95 литр, 800 грамм бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарон, 800 грамм сұлы қауызы, 0,8 литр күнбағыс майы, классикалық гематоген – құрамында бүтін дәндері бар таңғы асқа арналған 250 грамм сүт жастығы, темірмен, С және В витаминдерімен байытылған балалар печеньесі – 360 грамм (бес айдан асқан балалар үшін), 1 кг арпа жармасы, 1600 грамм қарақұмық жармасы, 800 грамм арпа жармасы, 700 грамм арпа жармасы, 200 грамм табиғи бал.
Аталған жинақтар баланың күндізгі тамақтану рационын қамтамасыз етуге арналмағанын атап өту қажет. Олардың мақсаты – өсіп келе жатқан ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігін өтеу.
Денсаулық сақтау министрлігі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық-гигиеналық тауарларының жиынтығын да анықтады. Оған жеке гигиена заттары (бірінші қажеттілік) кірді: балалар кремі, крем-сабын, кір сабын, тіс пастасы, балалар сусабыны, тіс щеткасы, кір жуатын ұнтақ. Осы жиынтықпен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар МАӘК тағайындау кезеңінде тоқсанына бір рет қамтамасыз етіледі.
6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілді пакет төрт бөліктен тұрады. Оған оқу орны бойынша бір реттік мектеп тамақтануы, мектеп формасымен қамтамасыз ету, мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету, қалалық көлікте жол жүрудің 50 пайызын өтеу кіреді.

Жылына бір рет балалар мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етіледі. Оларды сатып алуға сертификаттар тамыз айында, оқу жылы басталар алдында беріледі.

Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығына келесі атаулар кіреді: пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті көйлек, қысқы уақытта жылы кеудеше. Қыздар үшін: пиджак, желет, юбка, классикалық көйлек, қысқы уақытта жылы желет және сарафан.

Бастауыш, орта және жоғары сынып балалары үшін мектеп керек-жарақтарының жиынтығы өз құрамы бойынша ерекшеленетін болады.

Бастауыш мектеп оқушыларына арналған комплектке рюкзак, күнделік, қарапайым дәптерлер – 20 дана, пенал, сурет салуға арналған альбом, 5 шарикті қалам, 10 қарапайым қарындаш, 15 мұқаба, пластилин, акварельді бояулар, сызғыш және өшіргіш кіреді.

Орта мектеп оқушыларына арналған жиынтық: рюкзак, күнделік, 20 қарапайым дәптер, 10 жалпы дәптер, пенал, сурет салу альбомы, 5 шарикті қалам, 10 қарапайым қарындаш, 15 мұқаба, сызғыш және өшіргіш.

Жоғары мектеп оқушылары үшін: рюкзак, күнделік, 20 қарапайым дәптер, 10 жалпы дәптер, пенал, 5 шарикті қалам, 10 қарапайым қарындаш, 15 мұқаба, сызғыш, циркуль және өшіргіш.

Оқу орны бойынша күнделікті мектепте тамақтану белгіленген нормалар бойынша жүзеге асырылады.

Жолда жүру жеңілдіктеріне – «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» заңның 13-бабының 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларына қоғамдық көлікте билеттің бағасынан 50 пайыз түріндегі жол жүруге кепілдік береді.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button