Жаңалықтар

Елорда – «жасыл» аймақта

Бас қалада жаппай вакцинация нәтижесінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, елорда «жасыл» аймаққа көшті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалада аурудың өсуін тежейтін белгілі бір иммундық күш қалыптасқанын айтты.

[smartslider3 slider=2198]

«Жыл басында қаламызда «Омикрон» штамы пайда болған сәтте инфекция күрт тез таралды. Төсек орындары өткен жаздағыдай лезде толды. Қала тұрғындары шұғыл түрде вакцинациядан/ревакцинациядан өту қажеттілігі туралы үндеуге бей-жай қараған жоқ. Олар өз денсаулығына мұқият бола бастады. Міне, осындай үлкен жұмыстың нәтижесінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Вакцина оң әсерін тигізді және тиімділігін көрсетті» деп атап өтті Т.Мұратов.

Қазір қала бойынша екпенің бірінші компонентімен 508 мыңнан астам адам вакцинацияланды, иммундаудың толық курсынан 67,1 пайызы өтті, бұл – 478 мыңға жуық қала тұрғыны. Елордада 86 мыңға жуық азамат қайта вакцинацияланды. Басқарма басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің Pfizer-ді тегін алатындардың тізімін қайта қарауы қала тұрғындарының екпе алуға деген ынтасын едәуір арттырғанын да айтты. Бірақ Pfizer арқылы вакцинация мен ревакцинация сауда үйлері мен т. б. екпе пункттерінде жүргізілмейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button