Жаңалықтар

Елордадан Екібастұзға көшті

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы аясында елордадан Екібастұз қаласына қоныс аударушылардың биылғы жылдың соңғы легі, барлығы 15 отбасы қоныс аударды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл жолы елордадан Екібастұзға 55 адам, оның ішінде 28-і – бала және 27 жұмысқа жарамды азаматтар көшті. Жалпы, мамыр айынан бастап осы күндерге дейін аталмыш бағдарлама шеңберінде елордадан көшкен 218 отбасыдан 258 адам жұмысқа тұрғызылып, балалары балабақша мен мектептерге орналастырылды. Олар қазіргі таңда Екібастұз қаласында екі және үш бөлмелі пәтерлерде тұрады.
Соңғы лек бойынша осы жолы кәмелетке толмаған екі баласы бар жас отбасылар, сондай-ақ Екібастұзда медицина қызметкерлерінің үлкен тапшылығына байланысты бір баласы бар дәрігерлер де қоныс аударып жатыр.
– Бағдарлама аясында қатысушыларға мемлекет тарапынан материалдық қолдау түрлері көрсетіледі. Біріншісі – тіркеуге тұрғаннан кейін қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына құжат тапсырылып, оң шешім қабылданған жағдайда, 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 88375 теңге адам басына төленетін бір реттік төлем. Екіншіден, қоныстанушылардың үй жалдау және төлем­дерді өтеу жайында, яғни бұл отбасылар берілген үйлерде бір жыл көлемінде тегін тұрады. Тұрғын үймен қамтамасыз етумен қатар, біліктілігі бар мамандар жұмысқа орналасады. Бұл отбасылардың балалары балабақшалар мен мектептерде тегін орындармен, оқушылар мектеп формасы және құрал-жабдықтармен, тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, – дейді А.Шабекова.
Осы жолы Екібастұзға көшуге ниет білдірген адамдардың бірі – екі баланың әкесі Нұржан Мұхамеджанов. Елордада 3 жылдан бері тұрақты тіркеуде тұрған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button