Денсаулық

Емханаңды таңда!

Жыл сайын қыркүйектің ортасынан басталып, екі айға созылатын емханаларға тіркелу науқаны басталды.

Бұл шара еліміздің тұрғылықты азаматтары мен шетелдіктерді, сонымен бірге азаматтығы жоқ тұлғалардың да қалаған емхананы таңдап, тіркелуге мүмкіндік береді. Алдыңғы жылғы тіркеу науқанының қорытындысы бойынша 1 миллиондай адам емханаға тіркеліпті. Астана қаласы бойынша бастап­қы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 44 денсаулық сақтау ұйымы тұрғындарды тіркеуге дайын. Медициналық қызметті жеткізушілердің 16-сының мемлекеттік-жекеменшік формасы бар, 15-і – мемлекеттік және жекеменшік әріптестік мекеме. Қала медициналық қызмет көрсету бойынша 556 учаскелерге бөлінген.
Емханаларға тіркелу үшін азаматтар таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады. Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлігіңізді алып, бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Онлайн режимде тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Ал ХҚКО арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін қолдана аласыз. Емханаға тіркелер алдында отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін ескеріп, үйіңізге жақын емхананы таңдаған жөн. Бұл дәрігердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button