Sport

Эрич ер екен

«Астана» футбол клубы қатарынан үшінші рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сүрінген «Астана» бірден Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түскен еді. Сөйтіп мұнда сыралғы қарсылас Кипрдің АПОЭЛ командасына тап келді. Елордалықтардың бұл командамен осыған дейін екі рет жолы тү­йіскен. Біріншісінде кипрлықтарды қапы қалдырып, алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен. Екінші Еуропа лигасында бір топта ойнады. Қос матчтан тұрған бұл кездесулердің бәрін қоса айтқанда ешқайсысында «Астана» АПОЭЛ-ға есе жібермеді.
Биыл Еуропа лигасының плей-офында үшінші рет тағы жолықты. Никосия қаласында өткен алғашқы матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Араға апта салып, АПОЭЛ-­ді «Астана Аренада» қарсы алды.
Жауапты ойында астаналық Педро Энрикенің 16-минутта пенальтиден соққан голынан кейін есеп өзгермеді. Тіпті қосымша таймда да таразы басы теңеспеді. Сөйтіп қос матчтық кездесу тағ­дыры пенальти серия­сында шешілді. Мұнда қалың көрерменнің зор қошеметіне бөленген Эричтің ерлігіне куә болдық. АПОЭЛ жасаған 5 соққының төртеуі далаға кетті. Оның екеуі Эричтің қолынан кейін серпілді. Ал «Астананы» Энрике мен Ричард Алмейданың соққан голдары жеңіске жеткізді.
Кеше «Астананың» топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды.
Олар – Динамо Киев (Украина), Ренн (Франция) және Яблонец (Чехия) командалары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button